Апелляциялар мен шағымдарды қарау жөніндегі рәсімдер

  1. Апелляцияларды қарау жөніндегі алқа (бұдан әрі – Апелляциялық алқа) мүдделерді қорғауды, білім беру ұйымдарының құқықтарына кепілдік беруді және олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
  2. Білім беру ұйымы Сараптамалық комиссияның тұжырымдарымен және/немесе Аккредитациялық кеңес шешімімен келіспеуге құқылы. Бұл жағдайда білім беру ұйымының апелляция рәсіміне бастама жасауға құқығы бар.
  3. Апелляцияны қарастыру білім беру ұйымын институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредитациялау рәсімін қайтадан жүргізу үшін негіз болмайды.
  4. Апелляция беру үшін мыналар негіз болып табылады:
    - рәсімдік бұзушылықтар;
    - сарапшылар шын мәнінде жоқ фактілерді назарға алды және маңызды нәтижелерді ескерген жоқ деген мәліметтер.
  5. Апелляция жазбаша нысанда беріледі, оған білім беру ұйымының басшысы қол қояды.
    Ауызша нысандағы апелляция қаралмайды.
    Апелляцияда сарапшылардың нақты қандай қорытындылары (немесе Аккредитациялық кеңестің қорытындылары) білім беру ұйымындағы істің мән-жайын дұрыс көрсетпейтіні жазылуға тиіс. Көрсетілген талаптардың сақталмауы апелляцияны қарамай қайтару үшін негіз болады.
    Апелляция білім беру ұйымы аккредитация нәтижелерімен танысқан күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде жіберіледі.
  6. Апелляцияны Апелляцилық алқа қарайды.
    Апелляциялық алқа төраға мен мүшелерден тұрады. Апелляциялық алқа құрамы Басқарушы кеңестің ұсынымы бойынша атқарушы директордың бұйрығымен бекітіледі.
    Апелляциялық алқа апелляцияны ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.
    Апелляциялық алқа аккредитация рәсіміне қатысты барлық құжаттардың көшірмелерін сұратуға құқылы.
    Апелляциялық алқа коммерциялық құпия және жеке деректер болып табылатын мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.
  7. Апелляциялық алқа апелляцияны қарау нәтижелері бойынша Аккредитациялық кеңеске мынадай ұсыным беруге құқылы:
    • Сараптамалық комиссияның тұжырымдарын және/немесе Аккредитациялық кеңестің шешімін растау (егер қандай да бір маңызды рәсімдік бұзушылықтардың бар екенін көрсететін фактілер анықталмаса, сарапшылардың қорытындылары негізді әрі мөлшерлес деп танылса, апелляцияда сарапшылардың тұжырымдарын жақсартуы ықтимал, бірақ олар есеп жазуды аяқтағанша оларға берілмеген материалдар қамтылмаған деп белгіленсе);
    • Сараптамалық комиссияның тұжырымдарын, аккредитациялық шешімді қайта қару, егер рәсімдерді жүргізуде тұжырымдардың негізділігіне күмән тудыратын бұзушылықтар анықталса және/немесе сарапшылар қорытындыларының негізсіздігі және/немесе мөлшерлес емес екені расталса.
  8. Апелляциялық алқа шешімі қарапайым көпшіліктің дауыс беруі арқылы қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
    Шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде жазбаша нысанда білім беру ұйымының назарына жеткізіледі.
  9. Қайтадан апелляция беруге жол берілмейді. Апелляция нәтижелері бойынша талап-арыздар қарастырылмайды.
  10. Апелляциялық алқа қабылдаған шешімге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа шағымдануға болады.
  1. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – экономика ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Алқа төрағасы.
  2. Ізтаев Ерғали Өтебайұлы - заң ғылымдарының кандидаты. Алқа мүшесі.
  3. Әубәкірова Жанар Яхияқызы - экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Экономика» кафедрасының профессоры.
  4. Досымхан Еңлік Досымханқызы – заң ғылымдарының магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» мамандығының 1 курс докторанты. Алқа хатшысы.
  1. Шағымдарды қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүдделерді қорғауды, білім беру ұйымдарының құқықтарына кепілдік беруді және олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
  2. Жұмыскерлер мен сыртқы сарапшылардың білім беру ұйымдарының құқықтары мен міндеттерінің бұзылуына әкеп соққан кез келген шешімдері, мінез-құлқы, әрекеті мен әрекетсіздігі шағым беруге негіз болып табылады.
  3. Шағым жазбаша нысанда беріледі, онда білім беру ұйымының атауы, оның орналасқан жері, пошталық дәл мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, шағымның нысанасы және ол бойынша нақты тұжырымдалған талаптар көрсетіледі, оған білім беру ұйымының басшысы қол қояды. Көрсетілген талаптардың орындалмауы шағымды қарамай қайтару үшін негіз болады.
  4. Ауызша нысандағы және бұрыс ақпарат көрсеьілген шағымдар қарастырылмайды.
  5. Шағымды білім беру ұйымын институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредитациялау уақытында ғана беруға болады.
  6. Комиссия шағымды сыртқы аудит жүргізгеннен кейін қарауы мүмкін.
  7. Шағымды қарастыру білім беру ұйымын институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредитациялау рәсімін қайтадан жүргізу үшін негіз болмайды.
  8. Комиссия коммерциялық құпия және жеке деректер болып табылатын мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.
  9. Комиссия аккредитация рәсіміне қатысты барлық құжаттардың көшірмелерін сұратуға құқылы.
  10. Комиссия шағым бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қабылдайды.
  11. Комиссия төраға мен мүшелерден тұрады. Комиссия құрамы Басқарушы кеңестің ұсынымы бойынша атқарушы директордың бұйрығымен 2 жыл мерзімге бекітіледі.
  12. Комиссия шағым бойынша шешімді қарапайым көпшіліктің дауыс беру арқылы қабылдайды және ол хаттамамен ресімделеді.
  13. Комиссия шешімі қабылданғаннан кейін күнтізбелік 7 күн ішінде білім беру ұйымына жіберіледі.
  14. Комиссия мен Атқарушы директордың шешімдеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа шағымдануға болады.
  1. Даухарин Жанболат Қазиұлы – экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры. Комиссия төрағасы.
  2. Ахметжанова Салтанат Буровна – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Комиссия мүшесі.
  3. Нарбинова Миргүл Майданқызы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Комиссия мүшесі.
  4. Досымхан Еңлік Досымханқызы – заң ғылымдарының магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» мамандығының 1 курс докторанты. Комиссия хатшысы.

FaLang translation system by Faboba