Аккредитациялық кеңес
Аккредитациялық кеңес
I. Жалпы ережелер

1. ««SAPA» Қазақстан аккредиттеу институты» мекемесінің Аккредитациялық кеңесі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Аккредитациялық, оның ішінде шетелдік органдарды тану және танылған аккредитациялық органдардың, аккредитацияланған білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына сәйкес әзірленген.

2. Аккредитациялық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) ««SAPA» Қазақстан аккредиттеу институты» мекемесінің консультациялық-кеңесші органы болып табылады, білім беру ұйымдарын аккредитациялау (институционалдық және/немесе мамандандырылған) жөнінде шешімдер қабылдау үшін құрылған.

3. Кеңсе өз қызметін ««SAPA» Қазақстан аккредиттеу институты» Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде (ESG) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық басшылық қағидаттар мен стандарттардың, ҚР БҒМ нормативтік және құқықтық құжаттарының негізінде әзірленген стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады.

II. Аккредитациялық кеңестің құрамы

1. Кеңестің құрамына білім және ғылым саласындағы жетекші мамандар, халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің, студенттік ұйымдардың өкілдері мен ««SAPA» Қазақстан аккредиттеу институты» құрылтайшылары кіреді.

2. Кеңес төрағасын Кеңес мүшелері қарапайым көпшіліктің дауыс беруі арқылы тағайындайды және ол Бұйрықпен бекітіледі. Төраға үш жылда бір рет сайланады. Кеңес мүшелері құрамының үштен бір бөлігі үш жылда бір рет жаңартылады. Кеңес мүшелерінің саны Кеңес хатшысын қоса алғанда 15 адамнан аспайды.

III. Аккредитациялық кеңестің отырыстары

Кеңес отырыстары кемінде жылына екі рет өткізіледі. Қажет болған кезде не төрағаның ұсынысы бойынша, не Кеңес мүшелерінің кемінде үштен бір бөлігінің талап етуі бойынша Кеңестің кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін.

2. Кеңес мүшелеріне келесі кездесу өткізілетін орын мен оның күн тәртібі туралы оны өткізу жоспарланып отырған күнге дейін кемінде 2 ай бұрын хабарлануға тиіс.

3. Кеңес отырысына оның мүшелерінің үштен екісі жеке өздері немесе бейнеконференция немесе Skype режимінде он-лайн қатысса, ол өткізілді деп саналады.

IV. Шешімдер қабылдау процесі

1. ««SAPA» Қазақстан аккредиттеу институты» атқарушы директоры Сыртқы сараптамалық комиссиялар төрағаларының қорытындыларымен таныстырады да Кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

2. Кеңес мынадай шешім қабылдайды:
- толық аккредитация – 5 жылға аккредитациялау;
- шартты аккредитация – 1 жылға шартты түрде аккредитациялау;
- аккредитацияламау немесе аккредитацияны қайтарып алу.
Шешімдер ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшіліктің дауыс беруі арқылы қабылданады.

3. Өз мүдделерінің саласына кіретін жоғары оқу орындары туралы мәселе қаралған кезде және ықтимал мүдделер қақтығысына жол бермеу үшін Кеңес мүшелерінің дауыс беру құқығы болмайды, сондай-ақ ашық әрі әділ дауыс беруді қамтамасыз ету үшін олар кеңес бөлмесінен шығады.

4. Әдістемелік материалдарды бекіту туралы шешімдер қарапайым көпшіліктің дауыс беруі арқылы қабылданады.

5. Кеңес отырыст арының қорытындысы бойынша оң шешім шығарылса, Аккредитациялау туралы куәлік беріледі.

V. Аккредитациялық кеңестің шешімдеріне шағымдану тәртібі

1. Шешімді алған кезде білім беру ұйымы сараптамалық кеңестің тұжырымдарымен және/немесе Кеңес шешімімен келіспеуге құқылы. Бұл жағдайда білім беру ұйымының апелляция рәсіміне бастама жасауға құқығы бар.

2. Апелляция рәсімі Апелляция туралы ережемен регламенттеледі

  1. Қарағұсова Гүлжан Жампейісқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы. Кеңес төрағасы.
  2. Марголин Андрей Маркович - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген экономисі. Халықаралық инвестициялар және құрылыс экономикасы академиясының толық мүшесі. РЖҒА толық мүшесі. Қаржы талдаушыларының биртандық қоғамының құрметті мүшесі. Кеңес мүшесі.
  3. Бақтиярұлы Мұрат –саяси ғылымдар докторы, ҚР құрметті білім қызметкері. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі. Кеңес мүшесі.
  4. Рау Альберт Павлович – экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. Кеңес мүшесі.
  5. Исекешов Әсет Өрентайұлы – Астана қаласының әкімі.
  6. Орсариев Арын Амангелдіұлы – ҚР БҒМ Жауапты хатшысы. Кеңес мүшесі.
  7. Нығыметов Ғани Сақтағанұлы – «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директоры.
  8. Бұрханов Азиз Камалұлы – саяси ғылымдар кандидаты, PhD Indiana University, Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің ассистент-профессоры.
  9. Досқожаева Анар Жанболатқызы – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті экономика факультеті «Маркетинг» мамандығының 1 курс магистранты.
  10. Мұхамеджанова Әлия Ғафурқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. ҚР құрметті білім қызметкері. Кеңес мүшесі.
  11. Кенжебаева Әлия Әлжанқызы – экономика ғылымдарының кандидаты. Кеңес мүшесі.
  12. Тұршекенова Райлаш Әміржанқызы – экономика ғылымдарының кандидаты. «SAPA» қазақстандық аккредитация институтының басқарушы директоры. Кеңес мүшесі.
  13. Досымхан Еңлік Досымханқызы – заң ғылымдарының магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» мамандығының 1 курс докторанты.

FaLang translation system by Faboba