Мұрағат

«SAPA» Қазақстандық аккредиттеу институты Америка Құрама Штаттарының Жоғары білім беру аккредиттеу кеңесінен (CHEA) аккредиттеуден өтіп  2018-2019 жылдарға Кеңестің мүшесі болды.

«SAPA» Қазақстандық аккредиттеу институтының мүшелері сапа кепілдігі бойынша 12-ші еуропалық форум (EQAF) аясында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Британдық аккредиттеу кеңесі (BAC) 30 жыл бойы Ұлыбританиядағы тәуелсіз әрі жоғары білім шеңберінде стандарттарды белгілеуге жауапты. BAC Ұлыбританияда жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін 1984 жылы құрылды. BAC аккредитациясы жеке сектордағы білім сапасының ең жарқын белгісі болып табылады. BAC тобына Ұлыбритания мен шетелдердегі мектептерді аккредиттейтін жоғары білікті инспекторлар кіреді.

«SAPA» Қазақстан аккредиттеу институтының өкілдері 2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен «Сапаны қамтамасыз ету бойынша Орталық-азиялық» форумға қатысты. Форум аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі және Нархоз университеті ұйымдастырылуымен өтті. Форумда Қазақстандағы жоғары білімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік стандарттарға сәйкес жоғарғы оқу орындарының сапаны қамтамасыз ету жүйесіндегі өзекті мәселелері талқыланды.

FaLang translation system by Faboba