Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг
Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг

Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг туралы ереже

I. Жалпы ережелер

  1. ««SAPA» Қазақстан аккредиттеу институты» мекемесінің Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг туралы осы ережесі (бұдан әрі –Ереже) «SAPA» ҚАИ (бұдан әрі – Институт) аккредитация стандарттарына сәйкес әзірленген және аккредитацияланған білім беру ұйымдарын/білім беру бағдарламаларын аккредитациялаудан (толық/шартты аккердитация) кейінгі мониторинг жүргізудің рәсімі мен регламентін айқындайды.
  2. Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг білім беру ұйымдары беретін есептердің негізінде Сыртқы сараптамалық комиссияның (бұдан әрі – ССК) ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде аккредитацияланған білім беру ұйымдарында жыл сайын (келесі жылы) жүргізіледі.
  3. Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг аккредитация өткізу бойынша білім беру ұйымымен жасалған шарт шеңберінде жүргізіледі және міндетті шарт болып табылады.

II. Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг рәсімі мен регламенті

  1. Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг жыл сайынғы есептерді, қосымша ақпаратты талдау және білім беру ұйымына бару негізінде жүргізіледі.
  2. ССК ұсынымдарын орындау, ескертулерді жою бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстарын талдауды, бір жыл ішінде орын алған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын барлық қажетті құжаттар (құжаттардың жаңартылуы шартымен) қоса берілген білім беру ұйымының жылдық (аралық) есептері талдау базасы болып табылады.
  3. Аралық есеп аккредитация туралы сертификат алған кезден бастап есепті кезең ішінде ССК ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты қамтиды.
  4. Аралық есеп берілмеген жағдайда Институттың аккредитация туралы сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе оны жою туралы шешім қабылдауға құқығы бар.
  5. Білім беру ұйымы ССК ұсынымдарын орындамаған жағдайда Институттың төмендегідей шешім қабылдауға құқығы бар:
    • тиісті ақпаратты саястта жариялау;
    • аккредитация туралы сертификаттың қолданылуын белгісіз мерзімге тоқтата тұру;
    • аккредитация туралы сертификаты қайтарып алу, аккредитацияланған білім беру ұйымдарының/білім беру бағдарламаларының тізімінен шығарып тастау, білім беру ұйымының 2 және/немесе 3 Ұлттық тізілімнен шығарып тастау мақсатында ҚР БҒМ Аккредитациялық кеңесін хабардар ету.
  6. Регламент:
    • Аккредитациялық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Институт 7 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына қабылданған шешім туралы ресми хат жібереді.
    • Шешім оң болған жағдайда білім беру ұйымы нысанға (1-қосымша) сәйкес Институтқа ССК ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады (толық аккредитация – ССК ұсынымдары болса, міндетті шарт /шартты аккредитация – міндетті шарт) және осы Жоспарды Институттан ресми хат алған күннен кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде білім беру ұйымының веб-сайтына орналастырады.
    • Институт Жоспарды қарап, күнтізбелік 15 күн ішінде білім беру ұйымына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігі (қажет болса) туралы хабарлайды.
    • Білім беру ұйымы Институтқа жыл сайын, аккредитациялаудан кейінгі мониторинг жүргізу болжанатын күнге дейін кемінде 2 ай қалған мерзімде Жоспарға сәйкес аралық есеп беріп тұрады.
    • Институт күнтізбелік 30 күн ішінде білім беру ұйымы берген аралық есепті қарайды.
    • Аралық есепті зерделеу қорытындылары бойынша Институт білім беру ұйымын аралық есепте көрсетілген ақпаратты талдау үшін Сараптамалық топтың баруы не бармауы туралы өзінің шешімі туралы хабардар етеді – мерзімдері мен сарапшылар құрамын келісу.
    • Бару қорытындылары бойынша Сараптамалық топ 7 жұмыс күні ішінде бару туралы есеп береді.
    • Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг қорытындылары бойынша есеп нәтижелері оң болса, Институт 7 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымын аккредитациялаудан кейінгі мониторинг шеңберінде білім беру ұйымының есебі қабылданғаны туралы хабардар етеді.
    • Аккредитация туралы сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда білім беру ұйымына ескертулерді жойып, көрсетілген ұсынымдарды орындауға уақыт беріледі, шарттар орындалатын болса, сертификаттың қолданылуы қайта басталады – ескертулер санын ескере отырып, мерзімдерді келісу.
    • Орындамау қайталанған жағдайда, аккредитация туралы сертификат қайтарып алынады.

III. Аккредитациялаудан кейінгі мониторинг өлшемшарттары және есепке қойылатын талаптар

  1. Институт аккредитациялаудан кейінгі мониторинг нәтиэжелерін төмендегі өлшемшарттар бойынша бағалайды:
    • білім беру ұйымы жүргізетін іс-шаралардың ССК ұсынымдарына сәйкес болуы, ССК ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
    • білім беру ұйымының оқыту жүйесіндегі өзгерістердің оң серпіні;
    • білім беру ұйымының білім беру қызметтерін ұсыну сапасының жоғарылауы.
  2. Білім беру ұйымының жыл сайынғы (аралық) есебі мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
    • мәтіндік бөлік (10-15 бет): титулдық бет, кіріспе (есеп дайындаудың қысқаша негіздемесі, білім беру ұйымының қысқаша сипаты, проблеманы талдау), негізгі бөлік (өзгерістер енгізу, жетістіктер, ұсынымдарды орындау және ескертулерді жою жөніндегі қызметті бағалау), қол жеткізілген нәтижелерді ұстап тұру стратегиясы көрсетілген қорытынды қамтылуға;
    • кесте бөлігі: жоспарға сәйкес іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер қамтылуға және құжаттамалық растамасы (2-қосымша) болуға;
    • есеп дұрыс, объективті, құрылымдалған, ауқымды әрі мазмұнды болуға тиіс;
    • есеп электронды жеткізгіште (СD-диск/флеш-жинақтаушы) уақтылы тапсырылады.
      Институт аккредитацияланған (немесе шартты түрде аккредитацияланған) білім беру ұйымының/білім беру бағдарламасының есебі оның мазмұны мен оны ресімдеуге қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайда оны кері қайтары құқығын өзіне қалдырады.
FaLang translation system by Faboba