Астанадағы Қазақстандық аккредитациялық институт
CHEA
«SAPA» Қазақстандық аккредиттеу институты Америка Құрама Штаттарының Жоғары білім беру а
19-07-2018 10:10
ENQA
«SAPA» Қазақстандық аккредиттеу институтының мүшелері сапа кепілдігі бойынша 12-ші еуроп
12-04-2018 10:29
«SAPA» Қазақстандық аккре
Британдық аккредиттеу кеңесі (BAC) 30 жыл бойы Ұлыбританиядағы тәуелсіз әрі жоғары білім шеңберінде
10-04-2018 05:51
Біз туралы
«SAPA» Қазақстан аккредиттеу институты 2017 жылы құрылған және мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Біздің негізгі мақсатымыз білім беру сапасын арттыру құралдары: институционалдық/ мамандандырылған аккредитация, білім берудегі аудит, аккредитация стандарттары мен өлшемшарттарын әзірлеу, SWOT-талдау, құзыреттерді бағалау, ғылыми-талдамалық зерттеулер және т.б. арқылы ұлттық және халықаралық деңгейде еліміздің білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

Біздің миссиямыз -білім беру ұйымдарында сапа мәдениетін қалыптастыру және қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
«SAPA» ҚАИ миссияның орындалуын және мақсаттарға қол жеткізілуін былайша қамтамасыз етеді:
  • Білім берудің сапасына кепілдік беруді қамтамасыз етуге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес қазақстандық оқу орындарының білім беру бағдарламаларына сапа стандарттарын енгізу.
  • Білім берудің сапасын арттыру және білім беру ұйымдарында сапа мәдениетін қалыптастыру.
  • Үздік практиканы үнемі мониторингтеу негізінде білім беру қызметтерін ұсынудың сапасын жетілдіру.
  • Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде сапаны қамтамасыз ету рәсімдерін енгізуге жәрдемдесу.
  • Жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығын дамытуға, қазақстандық және халықаралық деңгейдегі консультанттардың кәсіптік қоғамдастығын шақыра отырып, білім беру бағдарламаларына сараптамалық бағалау жүргізуге жәрдемдесу.
  • Мүдделі тараптар, жұртшылық арасындағы ашық диалог пен ақпарат алмасуды қолдау.

Одан әрі оқу